Жол ережесі: Оқушылар білуі тиіс 7 ереже
Қызылорда облысы полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қ.Қаражанов 64 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға әр күн сайын көшеге шығып, жол қозғалысының қатысушысы болып жүргендерін, жол ережесін балалар жиі бұзатынын, өйткені оқушылардың жол жүру ережесін білмейтіні туралы айтып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қ.Қаражанов оқушыларға төмендегі жаднамаларды оқи отырып, негізгі ережелерді есте сақтауды айтып өтті.
Олар:
1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана көшені кесіп өтуге болады.
2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.
5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобустың тек артқы жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан көлікті дер кезінде көре аласың.
6. Ал трамвайдың тек алдыңғы жағынан ғана өтуге болады. Әйтпесе қарсы келе жатқан трамвайды көре алмай қалуың мүмкін.
7. «Болмайды» деген 7 ереже естеріңде болсын, жол ережесін сақтағанда ғана сені қауіптен сақтайды.
kyzylorda-news.kz