Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Омикрон» жұқтырған балаларда симптомдар жиі байқалады – сарапшы

«Омикрон» жұқтырған балаларда симптомдар жиі байқалады – сарапшы

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Балалар денсаулығын зерттеу ұлттық медициналық орталығының директоры Андрей Фисенконың айтуынша, екпе алмаған балаларды оның айналасындағылар алдын алу шараларын сақтаған жағдайда, қорғап қалуға болады, деп хабарлайы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Балалар омикрон штамын жиі жұқтырады, сонымен қатар бұл жолы аурудың симптомдары білінеді. Атап айтқанда, тамақтың жыбырлауы, әлсіздік, жөтел, іш өту және бөртпе, деп мәлімдеді журналистерге Андрей Фисенко. «Омикрон» жоғары контагиозды болып келеді. Балалар вирустың бұл түрін алдыңғы штамдарға қарағанда жиі жұқтырып жатыр. Бұрын вирус жұқтырған балаларда симптомдар болмаған, ал қазір келесідей симптомдар байқалады: дене қызуы, әлсіздік, мұрын бітелуі, жөтел, тамақтың жыбырлауы мен ауыруы, сонымен қатар іш өту және дененің бөртуі. «Омикронның» жоғарғы тыныс жолдарын зақымдап, бронхитке әкелетінін атап өткім келеді. Оларды дұрыс емдемесе, асқынып кетуі мүмкін», - деді ол. Сарапшының айтуынша, екпе алмаған баланы оның айналасындағылар барлық алдын алу шараларын сақтаған жағдайда, қорғап қалуға болады. «Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы ересектердің тиісті шарларға жауапкершілікпен қарауына байланысты», - деп қорытты Фисенко.

inform.kz
16 ақпан 2022 ж. 317 0