Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия жаңашылдыққа қадам басты

Партия жаңашылдыққа қадам басты

1 наурыз – Алғыс айту күнімен тұспа-тұс Партия Съезді өткізілді. Партия Төрағасы Қасым Жомарт Кемелұлының төрағалығымен ұйымдастырылған Съезд барысында модернизациялау бағдарламасы талқыланды.

Бірқатар елеулі өзгерістер мақұлданды. 7 басымдыққа бағытталған жаңа бағдарлама ұсынылды. Партияның жаңғыртуының 7 негізгі қағидаты мыналар:
1.Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру
2. Партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру
3. Партияның жұмысында ашықтықты арттыру
4. Партиялық бақылауды күшейту
5.Партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау
6. Халықтың әр түрлі топтармен жұмыс істеу
7. «Jas Otan» Жастар қанатының жұмысын жетілдіру
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады.

Еркебұлан АЯҒАНОВ,
облыстық мәслихат депутаты
05 наурыз 2022 ж. 337 0