Партияның басты мақсаты – халық игілігіне жұмыс жасау

Алдағы уақытта партиямыз халықтың партиясы екенін тағы да дәлелдейтін уақытқа тап келді. Бұл кезеңнен де халықтың қолдауынының арқасында сайлаушылардың үміттерін ақтап, берген уәделерімізді орындауға білек сыбана жұмыс жасауға дайынбыз. Тұрғындардың талап-тілектері басты назарға алынып, әр азаматтың құқықтары ескерілу үшін жұмыс жасауға ниеттіміз. Сонымен қатар, партия мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қойып, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасауға шақырамын. Елдігімізді сақтап, бірлігіміз бен ынтымағымызды және болашақ ұрпаққа мирас болып тапсырылған отанымызға қызмет етуде партиямыз «АMANAT» атауын иеленді. Сондықтан съездегі жүктелген міндеттерді қолдаймын. Жүзеге асыру мақсатында нақты істермен көрсетуге ұмтыламыз. Жаңа көзқарастар мен тың идеялар Жаңа Қазақстанды құрудың негізгі тетігі екенін жеткіземін.
Индира ЖҰМАШЕВА,
аудандық мәслихат депутаты