Асылдандырудың артықшылығы көп

Тағы бір айта кетерлігі, мал тұқымына аса мән берген дұрыс. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп, қаржылай көмек те көрсетіліп жатыр. Бүгінде бұл бағыттағы мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың жемісін көріп отырған жандар ауданымызда да аз емес.
Ашып айтар болсақ, тұқымдық түрлендіруге 2021 жылға облыстан ауданға 7 712 бас мүйізді ірі қара малдарын қатыстыру межесі берілген. Осыдан 4 188 бас аналық сиыр қатыстырылды. Берілген меженің 54,3 %-ы орындалды. Ал жалпы компьютерлік базаға 7 441 бас мүйізді ірі қара малы тіркелген.
Жоспар бойынша 311 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу межеленсе, одан 172 бас асыл тұқымды бұқа тіркеліп, орындалу көрсеткіші 55,3 %-ды құрады.
Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізу жоспары 1056 бас. Жыл соңына дейін Аманөткел ауылдық округінен –35 бас, Бекбауыл ауылдық округінен – 2 бас, Жіңішкеқұм ауылдық округінен – 1 бас, барлығы 38 бас бұқашықтар бордақылау алаңына өткізілді.
М. СӘДУАҚАСОВ,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы