Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам кеселі

Сыбайлас жемқорлық – қоғам кеселі

Қазіргі таңда қоғамның кеселінің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлық дерті дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Осы себептен Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында бөлім қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, заңдылықты қатаң сақтау жөнінде  ескертіліп, түсіндірілуде. Ғимаратта, жұмыс орнында күдікті нәрселерді байқаған кезде дереу басшылықты хабардар ету. Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде  қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға. Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрекеті үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігі қатаң түрде қаралатындығы ескертілді.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін ұжымдағы әрбір қызметкермен персоналды түрде қолтаңбасын қойғыза отырып, профилактикалық әңгімелесу жұмыстарды ұйымдастырылуда.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан заңсыз сыйлықтар қабылдауға жол берілмеу керектігі түсіндірілді. Мерекелік шараларда қызметкерлердің белгіленген әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауды, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда масаң күйде болмауды және масаң күйде автокөлік жүргізуге болмайтындығы ескертілуде. Сонымен қатар бөлім басшылығының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесі және «Сенім телефоны» туралы мәліметтерді «Толқын» газетіне  жарияланып келеді.
Мекеме ғимаратының көрнекті жерінде «Жемқорлықты тоқтат!» және «Адал бол!» тақырыбында банер мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы арнайы ақпараттық тақтайша орнатылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оларды болдырмау, мемлекеттік билікке халықтың сенімін арттыру мақсатында «сенім телефонының» тұрақты жұмыс жасалып, бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке қабылдауды тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Ғимарат бейнекамералармен қамтылған, бөлім материалдық-техникалық базасымен жабдықталды және қызмет алушыларға электронды кезек орнатылды, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, орталық қызметкерлері мен халыққа арасында көрсетілітін қызметтер ашық әрі баянды жүргізу  мақсатында халықты жұмыспен қамту орталығында «OPEN SPAІS» тәсілі бойынша күту залы әйнекпен жабдықталды.  Сондықтан мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
А. ӨТЕПОВ,
Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары
26 наурыз 2022 ж. 599 0