Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өткізілді
Үстіміздегі жылдың 17 наурыз күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Убайдуллақызы және Жалағаш аудан әкімі орынбасары Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы аудандық актив және қоғамдық кеңес өкілдерімен аудан әкімдігі ғимаратында жүздесуі мен іссапар өз бастауын алды.
Жалағаш аудан әкімі орынбасары сыбайлас жемқорлық профилактикасы күн тәртібіндегі мәселе екенін атап өтіп, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы өз баяндамасымен таныстырды.
Кейінгі кезекте Ғалия Убайдуллақызы және Сырдария ауданының әкімі орынбасары Нұртазаев Талғат Мейрамханұлы аудандық актив пен кеңес өкілдерімен аудан әкімдігі ғимаратында кездесу өткізді.
Сырдария аудан әкімі орынбасары өз өңірінде әртүрлі саладағы туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық қағидаларын қалыптастыру мәселелері және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, оның алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру жайлы баяндама жасады.
Кездесу барысында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндеттер блогы сөз етілді.
Аудандық іс-шараларға департамент спикерлері пулы мүшесі “Әділдік жолы” РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Бактибаева, Превенция басқармасының бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы, жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті