Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2 мыңнан астам жүкті әйел вакцина қабылдады

Қызылордада 2 мыңнан астам жүкті әйел вакцина қабылдады

Қызылорда облысында 82 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды.

Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша өңірде барлығы 82 163 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды. Оның 72 895-і – жасөспірімдер. Сондай-ақ 2 738-і жүкті әйелдер. Лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентті алғандар саны 6516. Қалғаны – басқа топтағы тұрғындар.
Айта кетейік, аймақта Pfizer препаратымен ревакцинация жасап жатқандар да бар. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады.

kyzylorda-news.kz
29 наурыз 2022 ж. 298 0