Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустық инфекцияның алдын алу маңызды

Коронавирустық инфекцияның алдын алу маңызды

Үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Арал ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының зертханалық жолмен расталған 173 жағдайы тіркелді. Оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастар саны-37, симптомсыз вирус тасымалдаушылық- 136 адамнан анықталып отыр. Аурудың  27 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 2 жағдай жасөспірімдер арасында, қалған  жағдай ересектер арасында тіркелді. Жұқпаның  45,1 пайызында мұнай, газ, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері мен жұмысшылары ауырса, 21,9 пайызы жұмыссыздар, 12,7 пайызы зейнеткерлер, 1,7 пайызы мемлекеттік қызметкерлер, 15,6 пайызы балалар, 1,15 пайызы жасөспірімдер, 2,3 пайызы мұғалімдер үлесінде.
Коронавирус инфекциясының инкубациялық кезеңі (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-3 күннің ішінде ауру адамнан сау адамға тез жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы,ашып ауруы, мұрынның бітіуі, басауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады,дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары  өкпе мен бүйрек  жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.
Алдын алу шаралары:
-Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы – осы ауруға  қарсы екпе алу десек,бүгінгі таңда аудан тұрғындарын  коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  Қазірге таңда  жоспарланған  адамдардың 95,6 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның І-ші компонентімен, 94,3 пайызы егу шарасының  П-ші компонентімен қамтылды. Мектеп оқушыларын  «Комирнати»  вакцинасының І-ші компонентімен 6148 бала, яғни 85,2 пайызда орындалса, П-ші компонентімен  3187 бала егіліп, яғни 40 пайызға қамтылды. Егу шарасы одан әрі жалғасуда.
-Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың  алдында қолды сабын мен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
-Үй-жайларды таза ұстау, тәулігіне   2 рет желдету. Ылғалды жинау кезінде  құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолдану;
-Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию.
-Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
-Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
-Денешынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

А. САТЕКЕЕВА,
Арал санитариялық-бақылау басқармасының басшысы.
01 сәуір 2022 ж. 411 0