Арал теңізінің 12 мың гектар аумағына сексеуіл егу басталды
Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанына көктемгі сексеуіл егу жұмыстары басталды. Жердің ылғалы азаймай тұрып, 12 мың гектар жерге көшет егу жоспарланған. Ал күзде тұқым себіледі. Осылайша, тек биылдың өзінде 250 мың гектер жерді жасыл желекпен көмкеру көзделіп отыр.
Бұл – Президент тапсырмасы аясында қолға алынған ірі жоба. Яғни, 2025 жылға дейін кенезесі кепкен айдынның құм мен тұз көтерілген табанына 1 миллион 100 мың гектар шөлге төзімді өсімдік өсірілу керек.
kyzylorda-news.kz