Алдағы күндері 32 градусқа дейін ыстық болады
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1649677785_pogoda.jpeg)
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады деп болжанады. Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Елдің батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде —15-26-қа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында 32 градусқа дейін ыстық болады.
kyzylorda-news.kz