Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2022 жылдың I тоқсаны бойынша орындалуы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2022 жылдың I тоқсаны бойынша орындалуы

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы мүгедектерге «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28  ақпан 2022 жылғы № 77 бұйрығы бойынша оңалтудың жеке бағдарламасы  (бұдан әрі – ожб) негізінде мемлекеттік қызметтердің 8 түрі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетіледі.
Жүріп-тұруы қиын 1 топ мүгедектеріне жеке көмекшілер қызметіне 162698,0 мың теңге қаралып, 215 жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін  215  жеке көмекшілерге 38959,8 мың теңге қаржы төленді, тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманы қызметіне 10076,0 мың теңге қаржы қаралып, 33 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге 4 ымдау тілі маманы қызметіне   1524,5 мың теңге қаржы төленді.
Бүгінгі таңға портал арқылы 262 адамға алынған гигиеналық құралдарға 28637,2 мың теңге қаржы төленді. Протездік-ортопедиялық көмектен – 54ожб, тифлотехникалық құралдан – 65ожб, сурдотехникалық құралдан – 3 ожб;  кресло-арбалардан – 13ожб; санаториялық-курорттық емі бойынша 3ожборындалды.
Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 15 мүгедек жолданды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен «Арал ауданы мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігі» 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 16 балаларға күндіз болу бөлімшесі бойынша жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2022 жылға облыстық бюджеттен 3 млн. 240 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге бөлініп, оның 952 мың теңгесі игерілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Арал қаласы бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді қорғау және қолдау» қоғамдық бірлестігімен келісімшарт жасалып, олардан 2 автокөлікпен  52 мүгедектерді тасымалдады.
Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша 111 мүмкіндігі шектеулі балаларға 29 әлеуметтік қызметкер, 87 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге 16 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Сондықтан, аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандар, егерде Сіздерге оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген болса, электронды цифрлық қолтаңбаларыңызбен бөлімге келіп, мамандардың көмегімен қызметтерді алуларыңызға болады.
Н. БАЙНАЗАРОВА,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыру, кадр, ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс және әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі
12 сәуір 2022 ж. 602 0