"Шексіз мүмкіндік" мүгедектермен басқосу

Бүгінгі таңда 32 мүгедекке 3 ымдау тілінің мамандары қызмет көрсетеді.
Жаңадан мүгедектермен жұмыс жасап жатқан қоғамдық бірлестігінің президенті И.Жумашева ағымдағы жылдың 21 ақпан күні қызмет алатын мүгедектермен танысу, қолдау, тыңдау мақсатында жиналыс өткізді.
Жиналыста И.Жумашева өзін таныстырып, өзі туралы қысқаша өмір баянын айтып өтті. Сонымен қатар ымдау тілі қызметін алатын мүгедек қыз келіншектерге тігінші мамандарын қарамағына жұмысқа алатыны жөнінде айтып өтті. Ымдау тілі қызметін алатын 3-топ мүгедегі Өзбекова Несібелі Өмірзаққызын қарамағына тігінші мамандығына жұмысқа қабылдады.
Жиналысқа келген мүгедектер ризашылығын білдірді. Ымдау тілінің мамандары П.Байғабылова, М.Ізбасқанова және А.Советовалар жиналыста аударма жасап тұрды.
