Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Олар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.
1 мамыр жексенбіге түскендіктен, қазақстандықтар 2 мамыр күні де демалады.
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбі күніне дәл келгендіктен, демалыс күні 10 мамырға ауыстырылады. Жеңіс күнімен қоса есептегенде, ел тұрғындары 7 және 10 мамыр аралығында бірден 4 күн демалады.
Осылайша мамырда жалпы демалыстар саны 5 күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, 6 күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болмақ.