Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мүмкіндіктер керуені»: Қызылордада бос 1392 жұмыс орны ұсынылды

«Мүмкіндіктер керуені»: Қызылордада бос 1392 жұмыс орны ұсынылды

Кеше жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіпкерлікті дамыту, жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында Тасбөгет кентінің орталық алаңында «Мүмкіндіктер керуені» ұйымдастырылды.
Шара барысында 1392 бос жұмыс орындары ұсынылса, мемлекеттік бағдарламалардың («Дипломмен ауылға», «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы», «Бизнес бастау») сала мамандары, жастарға және жас отбасыларға тұрғын-үй алу мүмкіндігі бойынша «Отбасы Банк» АҚ-нің, «E-gov» электронды қызмет көрсету жүйесін пайдалану бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»
АҚ-ның мамандары кеңес берді.
Cонымен қатар, С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде жастардың тегін үйірмелерге, тегін тілдік курстарға жазылып, тегін құқықтық (адвокаттардың, сот орындаушылардың, құқық қорғау қызметкерлерінің), дәрігерлік қызметтерді алды.
Жастарға арнайы «Жас журналистер», «Жас ақындар», «Жас модельдер», «Жас актерлер» кастингтері ұйымдастырылды.
Орталық алаңда ұлттық спорт түрлерінен (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір көтеру, асық ату) сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Кеш соңы заманауи әндермен жалғасын тауып, гала концертке ұласты.
Айта кету керек, бұған дейін 25 ақпанында облыстық жастар ресурстық орталығында «Мүмкіндіктер алаңы» өткізіліп, 100-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылған болатын.
Алдағы уақытта тоқсанына бір рет ұйымдастырылатын «Мүмкіндіктер кеуенін» Қызылорда қаласының шет аймақтарында өткізу жоспарлануда.



kyzylorda-news.kz
14 сәуір 2022 ж. 418 0