Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА 1611 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

АРАЛДА 1611 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Ауданда есепті мерзімде ресми жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайызға тұрақтап, аудандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға төмендеген.Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде орталыққа хабарласқан 3525 адамның 1611-і тұрақты жұмысқа орналасты. 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 1662 жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік  бағдарламасының екінші бағыты -жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «470 адам оқытылып, сертификаттары табысталды. Олардың ішінен 101 адамы өз кәсіптерін ашу үшін 318,5 млн. теңге несие алды.
Бастапқы бизнесті іске асырып жатқан 100 айлық есептік көрсеткіш (252500 теңге) көлемінде 50 адамға 12,6 млн.теңге және жастарға, көп балалы, табысы аз отбасыларға, еңбек етуге қабілетті мүгедектерге 200 айлық есептік көрсеткіш (505000 теңге) көлемінде 150 адамға 75,8 млн.теңге көлемінде мемлекеттік гранттар берілді.
15 ақпан 2020 ж. 1 126 0