Кішкентай сенбілікшілер
Күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі әрине – тазалық. Ауданымызда тазалыққа жауапты мекеме күн сайын өз міндетін жоғары деңгейде атқарып келеді.
Қала тазалығы баршаға ортақ іс болғанымен кей тұрғындар өз жауапкершілігін түсінбей жүрген секілді. Бірақ қоршаған ортаның тазалығы барша адамзаттың басты міндеті. Сол міндетті жүйелі түрде орындап жүрген азаматтарымыздың бірі – Жанет Серікұлы. Демалыс уақытын игі іске пайдаланып, Жұпан Тәжімбетов көшесінің көше комитеті төрағасы тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Балаларға тазалықтың табалдырығымыздан басталатынын ескерте отырып, көше тазалығын жүргізді. Кішкентай сенбілікшілер Арман Құндақбаев, Бекмұхаммед Құлмағамбетов, Нұрмұхаммед Қайрат, Мансур Қанатұлы, Нұрсайид Сайлыбай, Нұрислам Айдосұлы. Ластанған төңіректі күл-қоқыстан арылтып, өсіп-өнген жерінің нағыз жанашыры екендерін дәлелдеді.
Қала тәртібі мен тазалығын әрі қарай дамытуға үлес қосып, тал-терек отырғызып, қаламыздың көркеюіне атсалысайық! Бүгінгі жігіттер еңбегін көпке үлгі ете білейік!