Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 230 км жылдамдықпен көлік айдаған жүргізуші жазаға тартылды

Қызылордада 230 км жылдамдықпен көлік айдаған жүргізуші жазаға тартылды

Қызылордада сағатына 230 шақырым жылдамдықпен көлік басқарған жүргізуші жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға 10 сәуір күні тіркелген. Ол бойынша әлеуметтік желіде автокөліктің жылдамдығын асыру дерегі бойынша бейнежазба жарияланған. Оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Облыс орталығындағы Н.Назарбаев даңғылында Кірістер департаменті тұсында орналасқан «Аркан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына сағат жергілікті уақытпен 06:05-те «Mercedes benz» үлгісіндегі автокөлігімен сағатына 230 шақырым жылдамдық асыру дерегі анықталды. Бұл бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 3-бөлігіне сәйкес ұйғарым шығарылды. Оған 20 АЕК (61260 теңге) көлемінде айыппұл салынып, ол өндіріліп алынды», - деп жазылған хабарламада.
18 сәуір 2022 ж. 420 0