Мүгедек азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді
![](/uploads/posts/2022-04/1650610880_4.jpg)
– Биыл жәрдемақы мөлшері 50 426 теңгені құрады. Бұл көмек күтім жасайтын 198 адамға тағайындалды. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай жағдайларда тағайындалмайды. Егер күтуші кәмелеттік жасқа толмаса, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрса, І топ мүгедегі толық мемлекеттік қамсыздандыруында болған жағдайда ала алмайды. Сонымен қатар 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы сырқатының дәрежесіне қарай 37 процентке дейін ұлғайтылды. Жалпы облыс бойынша 7 жастан 16 жасқа дейінгі 3080 балаға мүгедектік топ белгіленген. Бүгінгі таңда 478 балаға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы берілді. Айта кететін жайт, «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізіліп, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасау кезеңі 18 жасқа дейін ұзартылды, – деді Айгүл Маханова.
syrboyi.kz