Майдангердің қызымын
Бұзған да шырт ұйқыны шіркін бірден.
Сағат сайын сұм соғыс сынақ салып,
Жер-көкті тозаңдаған көміп күлмен.
Жағаны жайлау еткен жаздың айы,
Батыстан бұзылғандай күн райы.
Ұрпағы осы күнге жету үшін,
Тік тұрды қанша ананың қарғатайы.
Бұлаңдар көз ұшынан бұлдыр сағым,
Ойламаған кезім бе ең, болашағын.?
Байқағанда оқ ізін иығынан,
Сен сексенге, мен онға келген шағым.
Есігін де ашпаған ем дүниенің,
Кім білер, түсеміз бе, күйіне күң?
Келіп кетер қас-қағым жалғаныңа,
Ашкөздік қылғанына күйінемін.!
Тұңғышы ма біреудің суыт кеткен,?
Қақ айырған хабарың суық неткен.
Онда-мұнда ой кезіп отырғанда,
Әжемнің ыстық шайы суып кеткен.
Гүрсілдеп жаратындай қара жерді,
Жүйткіген темір вагон тола берді.
Батысқа басын бұрып әкеткенде,
Қол бұлғап артыңда кім, қала берді.?
Білмеймін, мен білмеймін, бәрі жұмбақ,
Білместі отырамын қалай жырғап.
Оралмаса майданнан сол әкешім,
Осы кезде, осы қыз қайдан тумақ.?
Оралған-ау әкешім, оралған-ау,
Бастары түгел болып құралған-ау.
Жалғыз ұлын көргенде қайта туған,
Ата-анасы шарқ ұрып қуанған-ау.!
Уақыт емдей берер өз жарасын,
Дәуірлер жалғай берер өз жаңасын.
«Майдангердің қызымын» - деп, атау алған,
Өлеңім жаза берер жан жарасын.
Тал бесік, туған жерде ұста соққан,
Жер бесік, жат жерінде ұра соқпан.
Майдангерлер майданнан оралмаған,
Естен кетпес ерлігің жауды жыққан...!
Шолпан Жібекәлиқызы Балманова