Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнеткерлерге автонесие беріле ме?

Зейнеткерлерге автонесие беріле ме?

«Центр Кредит» банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитова жеңілдетілген автонесиелендіру жобасының қайта жандауына байланысты өткен брифингіде 4 пайыздық автонесие зейнеткерлерге берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде зейнет жасының аясында белгілі бір кезең бар және несие беру зейнет жасына дейін ғана көзделеді», деді банк өкілі.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беру басталды. Бұл жобаға қатысатын 4 екінші деңгейлі банк анықталды. Олар: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және Еуразиялық банк».

«Банктердің қатары әлі де кеңеюі мүмкін. Қазір өнеркәсіпті дамтыу қоры басқа банктердің де өтініштерін қарастырып жатыр. Ол өтініштер мақұлданса, банктер саны көбейеді», деді қордық басқарма басшысы Ғалымжан Әди.
16 мамыр 2022 ж. 552 0