Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
![](/uploads/posts/2022-05/medium/1653278563_pogoda-3.jpg)
Бұл күні солтүстік-батыс циклонның әсері сақталады және онымен байланысты фронтальды жаңбыр жауады. Елдің батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болып, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік жүреді.
Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
kyzylorda-news.kz