Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәбірленушілер өтемақы қоры туралы Заңының жүзеге асырылуы

Жәбірленушілер өтемақы қоры туралы Заңының жүзеге асырылуы

         Елімізде 10.01.2018 жылғы № 131-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңы қабылданды.
       Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдарға жәбірленуші құқықтары берілген адам – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленушінің заңды өкілдері мен өкілдері, құқықтық мирасқорлар;
2) Жәбірленушілерге өтемақы қоры – Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
3) өтемақы – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға осы Заңда белгіленген тәртіппен біржолғы ақша төлемі болып табылады.
         Осы Заңның 2-бабында Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамаcы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару және Бюджет кодекстерінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Аталған Заң талабы қазіргі уақытта қолданысқа енгізілген уақыттан бастап жұмыстар атқарылып, Заң аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 98-1 және  98-2-баптарының талаптары бойынша сот тәртібімен қылмыстық құқық бұзушылық санаттарына қарай айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен өндірілуде.
        Мәселен аудандық сотпен 2021 жылы 57 адамға қатысты 43 сот үкімдері шығып, жәбірленушілердің өтемақы қорына жалпы 2 322 585 теңге өндірілсе, ағымдағы жылдың 4 айында аталған қорға 16 сот үкімдерімен 24 адамнан 1 192 105 теңге өндірілген.
         Заң талабы бойынша адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап 3 жылдың ішінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын, өзіне қатысты өтемақы тағайындауға құзыретті мемлекеттік органға өтінішпен жүгінуге құқылы.
         Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер:
    1). Сексеуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға төленеді.
     2). Денсаулығына ауыр зиын келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға төленеді. Өтемақы мөлшері қырық айлық есептік көрсеткішті құрайды.
     3). Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға төленеді. Өтемақы мөлшері елу айлық есептік көрсеткішті құрайды.  
       Жалпы аталған өтемақы қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қолданыстағы тиімді тетігі болып табылады.
       
Арал аудандық прокуратурасы
          
24 мамыр 2022 ж. 525 0