Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясынан сақтану шаралары

Коронавирус инфекциясынан сақтану шаралары

Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында елімізде   коронавирус инфекциясының тіркелу деңгейі күрт өсіп, эпидемиологиялық ахуал  күрделі жағдайда қалыптасты. Дегенмен, наурыз-сәуір айларында аурудың тіркелуі төмендеп, эпидемиологиялық ахуал тұрақтана бастады.  
Статистикалық көрсеткіш бойынша , осы жылдың алғашқы төрт айында   республика тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының барлығы 1305649 жағдайы тіркеліп, оның 1005836 жағдайы симптомды болса, 299813 жағдайы симптомсыз вирус тасымалдаушылық болған. Облыс көлемінде4678 жағдайы тіркелсе, ауданда  қаңтар-ақпан айында 173коронавирус инфекциясы тіркеліп,  наурыз айынан бастап тұрғындар арасында ауру тіркелген жоқ.
 Соңғы уақыттары әлем бойынша «Стелс-Омикрон» (ВА.2) штаммымен пайда болған коронавирус инфекциясының жаңа түрі тіркелуде.
Біздің елімізде де осы  жылдың сәуір айының 13-ші жұлдызы мен мамыр айының 12-ші жұлдызы аралығында  ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» СЭСжҒПО филиалының Референс лабораториясында ПТР скрининг жолымен вирусты инфекцияға оң нәтиже көрсеткен 534 сынама коронавирус инфекциясына қайта тексеріліп, нәтижесінде 182 сынамада (34,1%) Омикрон (ВА.1) штаммы, 108 сынамада (20,2%) «Стелс-Омикрон» (ВА.2),4 сынамада (0,7 %) «Дельта» штаммы табылған. Қызылорда облысы бойынша  10 сынамада лабораториялық зерттеу қорытындысымен 3 жағдайда коронавирус инфекциясының Омикрон (ВА.1) жаңа штаммы табылды.
Коронавирус COVID-19 инфекциясының қоздырғышы-вирус, адам ағазасына көз, мұрыннемесе тамақ арқылы енеді. Инкубациялық кезең (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-3  күннің ішінде ауру адамнан сау адамға тез жұғады, яғни   коронавирус инфекциясының таралуы тез болғандықтан,адамдар үшін өте қауіпті.
Коронавирустан инфекциясынан сақтану шаралары:
1.Көпшілік жиындар мен қоғамдық орындарда, әсіресе әжетханаларда қолды сабындап жуу,  және үйге келгенде міндетті түрде қолды сабындап жууды естен шығармаған жөн. Қандай да бір бактерия немесе вирус болмасын, оның ағзадағы шырышты қабаттарға түспеуін қадағалаған жөн. Яғни, жуылмаған қолмен мұрын, ауыз, көзді ұстамау және уқаламау қажет. Түшкірген және  жөтелген кезде қағаз майлықтың (салфетка) болғаны дұрыс. Онымен түшкіргенде және жөтелгенде мұрын мен ауызды жауып, болған соң қоқыс шелегіне тастау керек. Содан соң міндетті түрде қол сабындап жуылады. Егер қолда майлық болмаса, шынтақ буынымен қалқалаған дұрыс.
2.Бетпердені, бірінші кезекте оны инфекциялық аурумен ауыратын адамдармен қатынас жасағанда немесе оны күтіп, жағдайын жасау кезінде пайдаланады. Бұл инфекция мен вирустың таралуын азайтады. Бетпердені таққанда таза қолмен ұстау, уақыты өткен соң шешіп, жаңасына ауыстыру және пайдаланылған бетпердені ұстаған соң міндетті түрде қолды жуу керектігін естен шығармаған жөн.
3.Сонымен қатар, аудан көлемінде коронавирус инфекциясынан эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығына қарамастан, аудан көлеміндегі барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде  ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.03.2022 жылғы №16 «Қазақстан Респбуликасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары  туралы» қаулысының 5-ші тармағының 2-ші тармақшасына сәйкес, медицина қызметкерлерінің, келушілердің, пациенттердің  медициналық бетперде  киюі тиіс.
4.Бөлмелерді жиі  желдетіп тұру,яғни  бөлмедегі ауаны үнемі тазартып отыру керек.Үй-
  жайларды жуып-тазалау кезінде   құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолдану;
5.Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану қажет.
6.Таза ауада көп жүріп, денешынықтырумен,спортпенайналысу.
7.Қоғамдық орындарда   жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдармен  қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр арақашықтықты  сақтау керек.
8.Коронавирус инфекциясынан сақтанудың тиімді жолы-осы ауруға қарсы вакцина ектіру. Алдын ала егу шарасы ерікті түрде жүргізіледі,қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы  №22 03.05.2021қаулысына сәйкес ,КВИ-ге қарсы вакциналаудың толық курсын қайта жүргізуге жол беріледі.Ол үшін КВи-ге қарсы соңғы екпе мен КВИ-ге қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 айды құрайды.Сонымен қатар ҚР ДСМ Бас санитариялық дәрігерінің 23.05.2022 жылғы №25 «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы»
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысына сәйкес КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары сына адамдар КВИ-ге қарсы қайта егуге (ревакцинациялауға) жатады:
  • медицина қызметкерлері
  • медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенттері мен персоналы
  • күш құрылымдарының қызметкерлері
  • педагогтар
  • қылмыстық-атқару жүйе мекемелерінің контингенті
  • 50 жастан асқан адамдар
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір адам жоғарыда аталған қарапайым ережелерді сақтаған жағдайда,осы аурудан өзін және жақындарын қорғай алады. «Өз денсаулығың-өз қолыңда» қағидасын ұмытпайық.

А.САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы                                            
25 мамыр 2022 ж. 426 0