Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары

Ал үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Арал ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының зертханалық жолмен расталған 173 жағдайы тіркелді. Оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастар саны-37, симптомсыз вирус тасымалдаушылық- 136 адамнан анықталып отыр. Аурудың 27 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 2 жағдай жасөспірімдер арасында, қалған жағдай ересектер арасында тіркелді. Жұқпаның 45,1 пайызында мұнай, газ, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері мен жұмысшылары ауырса, 21,9 пайызы жұмыссыздар, 12,7 пайызы зейнеткерлер, 1,7 пайызы мемлекеттік қызметкерлер, 15,6 пайызы балалар, 1,15 пайызы жасөспірімдер, 2,3 пайызы мұғалімдер үлесінде.
Қазіргі кезде ауру тарататынвирусөзінің тез таралуымен ерекшеленеді. Инкубациялық кезең (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-3 күннің ішінде ауру адамнан сау адамға тез жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы,ашып ауруы, мұрынның бітіуі, басауруы, шаршағыштық ,аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары өкпе мен бүйрек жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.
Алдыналушаралары:
Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы -осы ауруға қарсы екпе алу десек, бүгінгі таңда аудан тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазірге таңда жоспарланған адамдардың 95,6 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның І-ші компонентімен, 94,7 пайызы егу шарасының П-ші компонентімен қамтылды. Мектеп оқушыларын «Комирнати» вакцинасының І-ші компонентімен 6156 бала, яғни 85,3 пайызда орындалса, П-ші компонентімен 3797 бала егіліп, яғни 48,6 пайызға қамтылды. Егу шарасы одан әрі жалғасуда.
Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию. Қоғамдық орындарда бетперде кию ұсынылады;
Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
Денешынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.
Індетті жою үшін жоғарыда аталған аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамын.
О. МОШАНОВ,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.