Күріш өнімін арттыру жайы сөз болды
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының шақыруымен Сыр бойына Украина ұлттық аграрлық академиясы күріш институтының директоры Владимир Дудченко, күріш зерттеу институтындағы тәжірибелік шаруашылық директоры Андрей Борейко, кәсіпкер Александр Полохов келіп, өңірдегі су, ауыл шаруашылығы саласына жауапты мемлекеттік орган өкілдерімен, шаруалармен кездесті.
Украиналық ғалымдар қатысқан кездесулерде шаруашылықты әртараптандыру, суды тиімді пайдалану, екіжақты сауда-саттық пен күріш шығымын арттыру талқыланды.
Сырдария суының жыл сайын сарқылып келе жатқанынан украиналық ғалымдар да хабардар екен. Олар өз елдеріндегі осындай проблеманы шешу тәжірибесін айтты. Екі облысы күріш егумен айналысатын Украинада суды бізге қарағанда екі есе аз пайдаланады. Бұл Үкімет, жергілікті атқарушы орган және кәсіпкерлер бірлесе жасаған жұмыстың нәтижесі. Қонақтар жалпы бұл мәселе Украинада арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы шешілгенін айтады.
– Шаруашылық иелері ең алдымен күріш егілетін алқаптың тегістігін қолға алуға тиіс, ал әкімдік каналдарды қоршап, реконструкция жасап, астын бетондап, жауапты мекеменің балансына беру жұмыстарын ұйымдастырғаны жөн, – деді В.Дудченко.
Украиналық делегаттар күріш сорттары жайлы да айтып өтті. Қазір қызылордалық диқандар қолданып жүрген тұқымдар гектарына 50-60 центнерден айналса, 105 күнде пісетін украиналық күріштен бұдан да жоғары өнім алуға болады. Былтыр Жалағаш ауданындағы «Ер Әлі» шаруа қожалығы осы тұқымды егіп, гектарына 90 центнерден өнім алды.
Қонақтар қызылордалық кәсіпкерлермен сауда-саттық жағдайын да талқылады. Екі жақ өкілдері соңғы уақыттағы геосаяси жағдайларға байланысты кідірістеп қалған байланысты жандандыруға дайын екенін айтып, тауарды жеткізу бағытын ақылдасты. Қос ел мамандары ауыл шаруашылығын әртараптандыру мәселесін, бірлескен жобалар жайын да сөз етті. Украиналықтар келешекте Сыр бойында қант өндірісін жүзеге асырып көрмек.
– Украиналық әріптестеріміздің тәжірибесі бізге көп көмегін тигізеді деп үміттенеміз. Алда тың тәжірибелерді облыс кәсіпкерлеріне жеткізіп, жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырамыз, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ