Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атыңыздан кредит рәсімделгенін қалай білуге болады

Атыңыздан кредит рәсімделгенін қалай білуге болады

Микрокредиттің заңсыз ресімделгені туралы полицияға мәлімдесе, микроқаржы ұйымы үш күнтізбелік күн ішінде жалған микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтатады. Қазақстандықтар жалған немесе жоғалған құжаттар, интернеттен табылған дербес деректерін пайдалану салдарынан аттарынан микрокредит рәсімдеген алаяқтардың құрбанына айналуда.
Кең таралған алаяқтықтың түрі - микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн кредит рәсімдеу. Бұл көп жағдайда адамның жеке деректері алаяқтар пайдаланатын желіге кетіп қалуы салдарынан болады.
Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеудің басқа да тәсілдерін қолданады:
иесінің келісімінсіз SIM-карталарды қайта шығару;
қашықтағы банкинг арқылы ақша қаражатын ұрлау үшін SMS-ті қайта бағыттау/ұстап алу;
телефон нөмірлерін ауыстыру бағдарламаларын пайдалану (бұл оларға басқа адамдардың нөмірлерінің астында жасырынуға мүмкіндік береді).
Қазақстанда қандай шаралар жасалап жатыр?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті.
Енді онлайн-микрокредит беру үшін микроқаржылық ұйым мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті:
электрондық цифрлық қолтаңба арқылы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау арқылы;
қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.
Сонымен бірге, 2022 жылғы қаңтардан бастап микроқаржылық ұйым клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті.
Сондай-ақ, қазақстандықтарда жалған берешектің пайда болуына жол бермеу және олардың мүдделерін алаяқтардан қорғау үшін 16 қаңтардан бастап алаяқтық тәсілмен ресімделген микрокредит бойынша берешекті реттеу тәртібі қолданылады.
Егер қазақстандық микрокредиттің заңсыз ресімделгені туралы полицияға мәлімдесе, микроқаржы ұйымы үш күнтізбелік күн ішінде жалған микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұруға және клиентке қатысты талап қою жұмысын тоқтатуға міндетті.
Қазақстандықтар берешектің бар-жоғын бірінші кредиттік бюроның ресми сайтынан өзі туралы кредиттік есепті сұрату арқылы тексере алады.
Одан бөлек бірінші кредит бюросына жүгінуіне болады.

sputnik.kz
03 маусым 2022 ж. 461 0