Қызылордада әскерге шақыру жұмысы жалғасып жатыр
![](/uploads/posts/2022-06/medium/1655273515_288195645_1805189536539478_8703573955672314681_n.jpg)
Қызылорда қаласының әкімдігі, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, қалалық полиция басқармасы және қалалық прокуратура өкілдерімен аралау барысында себепсізден әскери есепке тұрмай әскерден жалтарып жүрген азаматтарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387-ші бабына сәйкес жауапкершілік көзделгені жөнінде түсіндірілді.
Айта кетерлігі, әскерге шақыру науқанында Қызылорда қаласынан 250-ден аса жасты әскерге жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 139-ы әскерге жөнелтілді.
Әскер қатарына шақырушылар Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша №107 кабинет, 26-42-50 телефоны арқылы хабарласуларына болады.
![](/uploads/posts/2022-06/medium/1655273620_50.jpg)