Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жаз басталғалы 4 адам суға кетті

Қызылордада жаз басталғалы 4 адам суға кетті

Қызылорда қаласының аумағындағы су айдындарында 4 адам суға кетіп қаза болған. Оның екеуі кәмелет жасына толмаған бала. Осыған сәйкес, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күнделікті рейд жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізуде.

«Жазғы маусымда балалардың суға кету және көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлау оқиғалары жиі тіркеледі. Мұнын себебі – балаларды қараусыз қалдырып, сақтық шараларына мән бермеудің салдарынан орын алады. Мәселен, 19 мамыр күні Белкөл кентіндегі Сталин каналында 2006 жылғы жасөспірім суға батып кеткен. Құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, баланың денесін 500 метр жердегі су астынан тапты. Анықтай келе жасөспірімнің қауіпті жерде суға шомылғаны белгілі болды. Төтеншеліктер осы секілді қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қала тұрғындарына күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек, қаламыздағы көпқабатты тұрғын үйлерде де полиция департаменті және БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтік шаралар өткізіп жатыр», – деді Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы ЖасұланТүйменов.

kyzylorda-news.kz
16 маусым 2022 ж. 498 0