Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан айт қарсаңында сенбілік өткізілді

Құрбан айт қарсаңында сенбілік өткізілді

«Тазалық – иманның жартысы»-демекші, қасиетті де, қадірлі Құрбан айт мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер қаламызда тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге тазалықты табалдырықтан бастаған сенбілікшілер қаланың кіре беріс аймағын лас қоқыстардан тазартқан болатын.
Иә, тазалықтың мезгіл талғамайтынын барлығымыз білеміз. Қыстың күні қар астында қалған қоқыстардан арыла алмасақ, жазды күндері иістенген қоқыс арасындағы шыбын-шіркейден көз ашпаймыз. Таңның атысымен көше бойындағы шашылған қоқыс, бүлдіршіндер мен жастардың кез келген жерге тұрмыстық қатты қалдықтарды тастап кету мәселесі әлі де шешімін табар емес. Бүкіл қала болып, ел болып әрекет етіп жатсақ та, ластайтындар саны азаяр түрі жоқ.
Тазалық сақтау әр адамның өз отбасы үшін ғана емес, Отан алдындағы азаматтық міндеттің ажырамас бөлігі екені анық. Үй тіршілігінде де күнделікті төрден бастап, есіктің алдына дейін жинап, күл-қоқыстарды тиісті орынға салу әдетке айналған. Сол үшін тек өзімізді ғана емес, жалпы шаңырақ басындағы бүлдіршіндерге ішкен сусындары мен жеген тәттілерінің сыртын арнайы қоқыс жәшігіне салу қажеттігін айта жүргеніміз артық болмас. Тазалық сақталған жер мен таза орында береке бары анық.
"Толқын" ақпарат





10 шілде 2022 ж. 442 0