Сәбилер өлімі көбейіп тұр - Мемлекет басшысы

«Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсуде. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ, барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес.
«Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет», - деді Қазақстан Президенті.