Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандығым- – мақтанышым

Мамандығым- – мақтанышым

Адам баласы өмірге келгеннен кейін қоғамның бір мүшесі болып табылады, табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болады, қоғамсыз адам жеке тұлға болып қалыптаспайды. Әрбір жеке тұлға қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптасады.
Кез-келген еңбек мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, сертификатын алуыңыз керек.
Бабаларымыз «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» -деп бекер айтпаса керек. Мен екі жағдайда да қателестім деп айта алмаймын.
Заңгер мамандығы – менің бала кезімнен арманым болатын. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келген жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Мамандық сөзі латын тілінен аударғанда жұрт алдында сөйлеу, жариялау дегенге саяды.
Заңгер мамандығы қыр мен сыры мол мамандық себебі еліміздің заңдарын білу, әрбір жеке тұлғаның адам ретінде құқығын шектемеу. Өзіңді және өзгені қоғамдық орындарда ренжітпеуге, өзгенің құқығын таптамауға жол бермеу керек. Ол үшін адам бірінші өзін тәрбиелеуден бастау керек. Тәрбие болмаған жерде білім алу мүмкін емес. Заңгер болу арқылы қоғамда орын алған әділетсіздіктер мен заңсыз әрекеттерге жол бермеу.
Тәрбие басы-тал бесік деп ата-бабаларымыз айтқандай, адамзат бірінші тәрбиені отбасыдан алады, өз-өзін де тәрбиелеп отыру керек үнемі өсіп даму үшін көп оқу керек. Қосымша әдеби шығармалар мен тарихи кітаптарды оқу арқылы адамның ой-өрісі өсіп дамиды, тіл байлығы мен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, сөйлесу мәнерін жетілдіреді. Күнделікті жаңалықтар тыңдау арқылы да қоғамдағы жалпы әлемде болып жатқан жаңалықтар мен танысып отыру арқылы әлем мен қоғаммен үнемі байланыста болады. Адамзат үнемі рухани жаңғырып өсіп отыру керек. Ендеше сол қоғамның негізі болып қабылданғандықтан қоғамдағы әрбір азамат заңға бағынып мемлекет алдындағы өз міндеттерін атқару керек.
Заңгер мамандығына жан тану мен әдепті әрбір адам өз білім алған білім ордасынан және өзі қызмет етіп жатқан мекемесінен алады деп ойлаймын. Себебі, әрбір мамандық иесіне қызмет атқарып жатқан ортасындағы адамдардың ықпалы да әсер етеді. Өзі қызмет атқару барысында білім алған ордасынан басқа жұмыс жағдайында да көп нәрсені үйренері хақ. Ұжымдағы қызметтес адамдардың тәжірибесі, ұстанымы т.б. да жақсы қарым-қатынастарымен өз білімін толықтырып отырады.
Сол сияқты заңгер мамандығы да үнемі жаңаруды көп білуді талап етеді. Өз мамандығының білгір маманы болу үшін сол салада жұмыс жасайтын адамдармен жұмыс жасап өз біліктілігін арттырып отыруқажет. Мен қызмет атқарып келе жатқан  Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет атқарғаныммен, қоса ұжымдағы қызметтестерімнің барлық жақсы позитивті тұстарын өзімнің өмірлік тәжірибеме енгізіп келемін.
Мен өзім қызмет жасап жатқан мекемедегі ұжым басшысы мен ондағы қызметкерлердің бір-біріне сыйластығы, мемлекеттік қызметшіге тән сыпайылығы, халықпен жұмыс жасау барысында түсіністік танытып, мәселесін шешуде белсенді жұмыс жасауы, қызмет барысында қиындық тудырып жататын жәйттарға көмектесіп, тапсырмаларды орындау барысында бейжай қарамай бірігіп орындап кету жайттары жақсы әсер қалдырады. Өзім осындай жақсы жандармен қызметтес болғаныма қуанамын және өзімді сондай қызметтестеріммен сыйластықта, ауызбіршілікте бірігіп қызмет етуді  мақсат тұтамын.
Г. Смағулова
Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының жетекші маманы
22 шілде 2022 ж. 743 0