Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күнтізбе жарияланды

Күнтізбе жарияланды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масы қатысатын 2024 жылғы әлем чем­­­­­пио­натының негізгі іріктеу кезеңінің күн­­тізбесі жарияланды.

Қазақстан құрамасы бесінші топта Сло­вения және Черногория құрамаларымен ойнай­ды. Барлық топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған төрт үздік команда эли­талық кезеңге тікелей жолдама алса, екін­ші орын алған тағы сегіз команда өтпелі ойындарға қатысады.

Жерлестеріміз іріктеудің алғашқы ойынын 2022 жылғы 8 қазанда Словения құрамасымен өткізсе, төрт күннен кейін Черногорияға сапар шегеді. Араға бір ай салып, 9 қарашада Черногорияны өз алаңымызда қабылдаймыз. Ал топтағы соңғы матч 2023 жылдың 8 нау­рызына жоспарланған. Сол күні Кака баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы Словения футзалшыларымен шеберлік байқасады. Айта кетейік, 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізіп, футзалдан әлем чемпионаттары тарихында тұңғыш рет жартылай финалға шыққан болатын.

egemen.kz
25 шілде 2022 ж. 262 0