Еңбек түбі – береке

Соған сәйкес аудан көлемінде егін шаруашылығының дамуына ауыл тұрғындары да өз үлестерін қосып келеді.
Атап айтар болсақ, Қаратерең ауылдық округінің тұрғындары көктем басталысымен еккен егіндерінен бүгінде өнім ала бастады. Жалпы ауыл аймағындағы 0,8 гектарға мал азығына арналған жоңышқа шөбі мен 1 гектар жерге бақша өнімдері тұрғындар есебінен егілді.
Сонымен қоса, үй ауласына түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, күтіп баптаған тұрғындар еткен еңбектің нәтижесінде мол өнім алуда.
