Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға көтерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға көтерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын орындау аясында биыл шілдеден бастап өз қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға арттырды.
Мемлекеттік корпорацияны дамытудың бір бағыты — қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту. Бұл тиімді жұмыс істеу және корпоративтегі мәдениет деңгейін арттыру үшін жасалынған стратегиялық қадам.
2022 жылдың қаңтарында қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға өсті. 2022 жылғы 1 шілдеден бастап жалақы мөлшері тағы 25 пайызға ұлғайды. Жалпы алғанда жалақы өсімі 50 пайыз болды.
«Мемлекеттік корпорация «бір терезе», «бір өтініш», процестерді барынша оңайлату және оңтайландыру мақсатында проактив қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді жеке және заңды тұлғаларға көрсете отырып, өзін толыққанды бірыңғай провайдер есебінде бекітті. Қызметкерлердің жалақысын көтеру – мемлекеттік қызметтер жүйесін одан әрі табысты дамытудағы өте маңызды мәселе екені анық. Мемлекеттік корпорация құрылғаннан кейін, өкінішке қарай, біздің қызметкерлеріміз белгілі бір статуссыз қалды. Олар мемлекеттік қызметкерлерге де, мемлекеттік қызметшілерге де жатпайды. Біздің қызметкерлер – өте білімді, азаматтар үшін нақты қолайлы жағдай жасай білетін мамандар, көпшілігі – жастар. Қазір клиенттер мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмай, кез келген анықтаманы оңай ала алады, уақытын, қаражатын айтарлықтай үнемдейді. Еңбекақыны арттырудың нәтижесінде қызметкерлердің жалақысы 150 мың теңгеге жетті. Мемлекеттік корпорацияның басшылығы бұған ішкі шығындарды оңтайландыру және бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы қол жеткізді. Инфляция мен үлкен қалалардағы өмірді ескерсек, жалақы әлдеқайда жоғары болуы керек. Бұл мәселені Парламент депутаттары да көтерді. Жалақыны көтеру және қызметкерлеріміздің мәртебесін айқындау мәселесі Үкімет тарапынан тиісті назар аударуды талап етеді деп ойлаймын» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының омбудсмені Майра Айсина.
Бұған дейін Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жалақысы 85-115 мың теңге болған еді, соңғы 5 жылда қызметкерлердің айлығы айтарлықтай өскен жоқ. 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында бүгінде 22 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Бұл – 20 филиал, 328 фронт және 442 бэк-офис, 68 мобильдік ХҚО.

kyzylorda-news.kz
01 тамыз 2022 ж. 472 0