Салғырттық сан соқтырмасын десек...

Соңғы уақытта аурудың қайта белең ала бастағаны туралы ақпаратты жиі естіп жүрміз. Бұл жаңалық бәрімізді алаңдатып отырғаны жасырын емес. Өйткені коронавирустың салдары қандай болатындығына бәріміздің көзіміз жетті. Сондықтан ауру атын естігенде жүрегіміз селт ете қалатыны жасырын емес. Ақпаратты жалған деуге де болмас. Өткен тәуліктің өзінде біздің аймақта елуден астам адам аталған ауруға шалдыққаны анықталып отыр.
Демек бұл бізді сақтық шараларын сақтауға шақырып отыр. Аз ғана уақытта қатаң режиммен жүретін болсақ, аурудың асқынбауына себепкер боламыз. Сондықтан нақты емін әлем таба алмаған дерттің тырнағына ілікпеудің жолын қамдағанымыз абзал.
Б. ҚАРЫМСАҚОВА,
қала тұрғыны