Ардагермен сыр-сұхбат...
![](/uploads/posts/2022-08/medium/1659427919_111.jpg)
Осы тұстаҚызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бактияр Дауренкулов және анықтаушы (криминалист) әділет капитаны Бекзат Жұмағазин, Қызылорда өңірінің тумасы Ұлы Отан соғысының ардагері Абдрахман Байтиковтың шаңырағына арнайы барды.
Абдрахман Байтиков қонақтарды қуанып қарсы алып, өзінің майдан даласындағы ауыр өмірінен сыр шертті. Қан майданындағы шайқастарын, қарулас достарын, соғыс даласындағы ерліктерін әңгімелеп берді.
Сұхбаттасу соңында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғысын айтып, ақ батасын берді.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант