Ортақ мүлікті бөлу туралы дау медиациямен реттелді

Талап қоюшы талабында, жауапкермен некеде тұрған уақыттары тұрғын үй сатып алғандарын көрсетіп, ортақ мүлікті бөлуді және оның құнын өндіруді сұраған.
Аталмыш істі сот талқылауына дайындау барысында судья С.Бертай тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген. Нәтижесінде, тараптардан медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштер түскен.
Медиативтік келісімге сәйкес, тараптар ортақ мүлікті бөлу туралы өзара келіскен.
Осыған орай, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы қабылданған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі