Мүліктік дау медиациямен реттелді

Талап қоюшы талабында жауапкермен некеде тұрған уақыттары тұрғын үй сатып алғандарын көрсетіп, ортақ мүлікті теңдей бөлуді сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілуі нәтижесінде, тараптардан медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштер түскен.
Медиациялық келісімге сәйкес тараптар ортақ мүлікті бөлу туралы өзара келіскен.
Осыған орай, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы қабылданған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі