Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Е-қызмет» жүйесінің тиімділігі

«Е-қызмет» жүйесінің тиімділігі

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет персоналын басқару процесін жетілдіру және ол мемлекеттік органдарда кадрлық қызмет іс – әрекетінде «электрондық – үкімет» жүйесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды көздейді.
Қазақстанда 2011 жылы мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың біртұтас жүйесіне және оны автоматтандыруға көшу мақсатында «Е-қызмет» тұжырымдамасы қабылданды.
Аталған тұжырымдаманың басты бағыттарының бірі болып мемлекеттік қызмет персоналын басқару процесін жетілдіру белгіленген. Осы орайда, мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың біртұтас жүйесіне және оны автоматтандыруға көшу процесі, яғни, «Е-қызмет» жүйесінің енгізілуі.
«Е-қызмет» жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне персоналды басқаруды озық әлемдік тәжірибеге сәйкес жүзеге асыруға, мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының өнімділігін жоғарылатуға және ақпаратты алуға жұмсалатын уақыты мен еңбек шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда, «Е-қызмет» жүйесiн iске қосу үшiн еліміздегі барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер туралы мәлiметтер базасы жинақталған. Оның ішінде, бұл жүйе арқылы мемлекеттік қызметшілердің жеке бас деректерін, ұйымдастырушылық қабілеттері, кәсіби және жеке құзыреттері, білімі, біліктілігі, жұмыс өтілі, кәсіби тәжірибесі, бағалау және аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтерді; ротациялау, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, курстардың мерзімдері мен тақырыптарын, ынталандыру туралы және әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтерді, тіпті, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы құқық қорғау органдарының деректерін алуға болады.
Қызылорда облысындағы мемлекеттік органдарында «Е-қызмет» жүйесі 2015 жылы енгізілді.
Қазіргі уақытта «Е-қызмет» барлық жергілікті атқарушы органдарда, Қызылорда облысы әкімдігі мен барлық басқармаларда, Қызылорда қаласы және облыстың 7 ауданының әкімдіктері мен осы әкімдіктерге қарасты мемлекеттік органдар(дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдерінің апппараты),Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы мен облыстық,қалалық,аудандық мәслихат аппараттарында, барлығы
287мемлекеттік органдарда жұмыс істейді.
Сондай-ақ, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері (ҚР Қаржы министрлігінің және Жоғарғы соттың аумақтық бөлімшелерін қоспағанда)бойынша жалпы саны 54 мемлекеттік орган «Е-қызмет» жүйесіне қосылып, жұмыс жасауда.
Бұл жүйе онлайн режимінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық ақпараттарды алуға, кадр қызметтерінің жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді.
         Агенттіктің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес бір қызметшіге орта есеппен мемлекеттік органдар автоматты режимде рәсімдеген құжат саны 10-нан кем болмауы қажет, қазіргі уақыттағы бұл көрсеткіш облыс бойынша бір қызметшіге орта есеппен «Е-қызмет» жүйесінде рәсімделген құжат саны 4,41 құрап отыр.
«Е-қызмет» жүйесінде тек қана персоналды басқару қызметшісі емес, барлық деңгейдегі қызметшілер, мекеме басшысы да, қызметкерлер де жұмыс істеуі керек, яғни әрбір қызметші өзінің өтініштері мен қызметтік жазбаларын «Е-қызмет» жүйесінде қалыптастыруы қажет.
 Осылайша, өтініштер мен қызметтік жазбаларды тек «Е-қызмет» жүйесінде қабылдау арқылы оның белсенділігін арттыруға болады.
Агенттікпен ағымдағы жылдың тамыз айында «Е-қызмет» жүйесін пайдаланушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту курсын өткізу жоспарланып отыр.
Агенттікпен мемлекеттік қызметті цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіле беретін болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
12 тамыз 2022 ж. 302 0