Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрландыру жаңа заманға бейімделу мен қызмет сапасын арттыру

Цифрландыру жаңа заманға бейімделу мен қызмет сапасын арттыру

Қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі белсенді жағдайға көшуді көздейтін, электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру қадамдарын қамтып отыр.
Бүгінде тіркеу рәсімдерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар қағазбастылықты жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі. Тіркеу құжаттары бойынша электронды мұрағат жүйесінің қалыптасуы азаматтардың уақытын үнемдеп және көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын көтерері сөзсіз. Бұл дегенің – халықтың мүддесі үшін жасалған мүмкіндік.
Осы орайда, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің мұрағатындағы 2008 жылғы дейінгі тіркелген (туу, неке қию, неке бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, қайтыс болу, тегін, атын және әкесінің атын өзгерту туралы) азаматтық хал актілеріне сканер жасалып, акт жазбалар өзектендірілді.  Әлі де өңдеу жұмыстары жүргізіліп, жалғасын тауып, жұмыстар жасалуда.
Сол себепті азаматтар өз деректерінің дұрыс-бұрыстығына мұқият қарап, әлеуметтік төлемдерді алуға, зейнеткерлер, басқа да құқықтық көмек көрсетуде кедергілер болмас үшін өздері, балаларының және жақындарының құжаттарын тексеру үшін жергілікті жерде орналасқан аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне жолығуларына болады. Тіркеу құжаттары бойынша электронды мұрағат жүйесінің қалыптасуы азаматтардың уақытын үнемдеп және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеруге үлес қосарымыз анық.
Еркегүл ДАБЫЛОВА,
Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы
01 желтоқсан 2021 ж. 287 0