Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салада серпін бар

Салада серпін бар

Аудан дамуында айрықша орын алатын саланың бірі – құрылыс саласы. Жыл басынан бері ауданда 1,3 млрд теңгенің құрылыс  жұмыстары жүргізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 10,0 пайызға  артық орындалды. Қазіргі күні сала оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. 2022 жылдың 6 айында 13 431 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 102,3 пайызға орындалған. Жалпы аудандағы құрылыс жұмыстарына кеңінен тоқталсақ.


«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы бастау алған Аманөткел (құны – 287,1 млн тг)және Қамыстыбас (құны – 292,4 млн тг)елді мекендерінде денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстары жалғасын табуда. Қазіргі күні бу қазандықтарының құрылысы мен сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан қос нысан таяу күнде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында қуаттылығы 300 мың тонна өнім беретін «Арал Сода» зауытына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу (газ жүргізу құны - 1,4 млрд теңге, электр желісін жүргізу - 1,3 млрд теңге)жұмыстарына 2021 жылға облыстық  бюджеттен 395,4 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар "Арал Сода" зауытына темір жол тұйығын  салу жұмыстарына 2022 жылға 250,0 млн теңге бөлінді.
Жақсықылыш  кентінде денешынықтыру және сауықтыру кешенінің  құрылысы, Арал  қаласында 100 орындық интернатымен  қоса 200 орындық №71 мектептің құрылыстары жалғасын табуда.Қазіргі таңда мектептің негізгі оқу корпусының және жатақханасының жұмыстары аяқталып, мектепке қажетті жабдықтары тасымалданып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүруде. Объект жаңа оқу жылына беріледі деп межеленуде.
Сондай-ақ «Көктем елді мекенінде су жүйесінің құрылысы» жобасына 295,2 млн теңге, «Арал ауданындағы №5 шағын ауданына электр желісінің құрылысын жүргізу» жобасына 150,6 млн теңге, «Арал ауданының Сексеуіл кентінде АГТС орната отырып, «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан бастап газ құбыры тармағын салу» және «Арал ауданының Сексеуіл кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы. Түзету» жобасына 900,0 млн теңге, «Арал ауданындағы №6 шағын ауданына су желісінің құрылысын жүргізу» жобасына да қаржы бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс тәсілімен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі күтілуде.
Атап айту керек, Арал ауданындағы №6 шағын ауданына электр желісінің құрылысын жүргізу» жобасы бойынша жеңімпаз мердігер «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ танылып, бүгінгі таңда шартқа отыру, құрылысты бастауға рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде.

Н. БАҚЫРАН
14 тамыз 2022 ж. 422 0