Вакцинация - індетке қарсы ең тиімді жол
Коронавирустық инфекцияға қарсы күрестің ең тиімді және қауіпсіз жолы - ВАКЦИНАЦИЯ!
Ұлыбритания, Дания, Германия, Израиль сияқты дамыған елдер халықты 80% вакцинациялаумен қамту және ұжымдық иммунитетті қалыптастырумен бүгінгі күні карантиндік режимді шектеулердің барлығын алып тастады. Бұл елдерде адамдарды 5 жастан бастап вакцинациялаған.
Әрине, ұжымдық иммунитетті ауырғандардың есебінен қалыптастыруға болады. Бірақ, бұл жағдайда адамдар арасындағы өлім-жітім жоғары болады және коронавирустың мутациялануына көбірек мүмкіндік беріледі.
Қазақстан Республикасында пандемия мәселесінің дұрыс шешімі ретінде вакцинация және ревакцинация - тегін, ерікті, егілетін адамның жазбаша ақпараттық келісімімен, баланың ата-анасының немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен енгізіледі.
Коронавирусты инфекцияға қарсы иммундау, ең алдымен, өз отбасымыздың, балаларымыз бен ата-аналарымыздың, туған-туысқандарымыздың және айналамыздағылардың денсаулығы үшін өте маңызды. Вакцинация және ревакцинация денсаулыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде жүргізіледі. Дені сау адамдарға вакцинация мен ревакцинацияны мүмкіндігінше тезірек алу қажет.
Вакцинациядан кейін егілген адам егу пунктінде 30 минут медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Бұдан әрі ағзада иммунитетті қалыптастыру үшін егілген адам дұрыс тамақтану, күндік және ұйқы режимін сақтау керек.
60 жастан асқан адамдарға және медициналық қызметкерлерге Пфайзер вакцинасымен ревакцинация жүргізуге болады. Пфайзер вакцинасымен 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар, 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күн өткен соң вакцинацияланады.
Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды аурудан қорғау үшін екпе алуды ұсынамыз.
Г. ӘЙІМБЕТОВА,
Арал аудандық СЭБ басқармасының жетекші маманы