Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда онлайн несие беру тәртібі күшейтілді

Қазақстанда онлайн несие беру тәртібі күшейтілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Енді онлайн-микрокредит беру үшін микрокредит беруші мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке идентификаттау жүргізуге міндетті.

Яғни электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, Ұлттық банктің сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау және қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.

Сонымен бірге, биылғы қаңтардан бастап микроқаржы ұйымдары клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, берешектің бар-жоғын тексеру үшін әрбір азамат "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-дан және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС-дан өзі туралы кредиттік есепті сұрата алады.

massaget.kz
19 тамыз 2022 ж. 581 0