Спорт саласының үздіктері марапатталды

Бектемір Ұлыбекұлы өз сөзінде: - Айдынды өлкемізде дүбірлі додаларға қатысып, елімізбен қатар, ауданымыздың абыройын асқақтатып жүрген спортшылар жетерлік. Олар облыс көлемінде ғана емес, республикалық, халықаралық және әлемдік деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге жетуде. Осындай толағай табыстарға қол жеткізуіміз спортшылармен қатар, жаттықтырушылардың да маңдай тері мен табанды еңбегінің нәтижесі деп білемін. Бүгінгі мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» - деп ізгі лебізін білдірді.
Мұнан соң спорт саласының мамандарына аудан әкімінің құттықтауы мен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының Алғысы табысталды.
Жиын соңында № 20 Арал ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ-күрес бөлімшесінің жаттықтырушысы Жаңалық Мирманұлы сөз алып, әріптестерін мерекемен құттықтап, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.



