Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституция – дамудың негізі

Конституция – дамудың негізі

Конституция күні – халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі болып саналады. 1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, ел тарихында өшпес орын қалдырған болатын. Атаулы күнге жетпес бұрын ата-балаларымыз небір қиындықтарды бастан өткеріп, мойымады.
Мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат әрине ол – Конституция. Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кез келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың маусымында өткен референдумда саналы азаматтық таңдау жасау арқылы Конституциялық реформа жасалды. Осылайша жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата заңға өзгерістер енгізілді. Ата заңның үштен бір бөлігі, яғни 33 бабы қайта жазылды. Бас құжаттың жаңғыруы ел азаматтарының жеке бас құқығынан бастап мемлекеттің саяси басқару жүйесіне дейінгі тармақты қамтиды.
Ата Заңымыз қабылданғаннан бері қазақ халқының рухани өміріне де жаңа процестер кеңінен өріс алды. Соның ішінде халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет саласы да кең көлемде дамыды. Конституция біз үшін алдағы уақытта да өзіміздің биік мақсатымыз – мемлекеттің әлеуметтік жағдайын көтеретін, азаматтардың дәулетті және заманға лайықты өмір сүруіне барлық жағдай жасайтын, тәуелсіз еліміздің өркениетті мемлекет болу жолындағы ілгері басуымызды реттейтін басты бағдаршам. Конституцияда мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарынан бастап, елдің әрбір азаматының, онда мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Сондай-ақ мемлекет өміріндегі бетке алған үдерістер де осы Конституция арқылы реттеледі.
Президент Жаңа Қазақстанды құру үшін жасаған бұл нақты әрі әділ қадамдарды жүзеге асыруда халықтың бірлігі аса қажет екенін тілге тиек етті. Алдағы мақсат – жаңарған мемлекет Конституциясына сүйеніп, жаңа Қазақстанды одан әрі дамыту. Жаңа Қазақстанды құруда бізге бірлікті ту етудің маңызы зор.

Ақзия САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
22 тамыз 2022 ж. 358 0