Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Байқоңыр» ӘКК АҚ-на жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері талқыланды

«Байқоңыр» ӘКК АҚ-на жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті «Байқоңыр (Байқоңыр) «Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерімен және белсенді азаматтармен кездесу өткізілді.
Кездесу аясында ӘКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.
Талдау нәтижелерімен ӘКК-дың жұмысын реттейтін нормативтікқұқықтық базаның жетілмегендігі, төмендетілген құн бойынша активтерді сату, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыруға тиісті шараларын уақытылы қабылдамау осы саладағы түйінді проблемалық мәселелер екені белгілі болды.
Мәселен,әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті есептен шығару кезінде тәуекелдер орын алған, яғни тауар жеткізілгеннен кейін 3 айдан астам уақыт өткеннен кейін ӘКК өнімдердің бір бөлігі дұрыс сақталмау салдарынан жарамсыздығы анықталып, есептен шығарылған.
Атап айтқанда, 2021 жылы басты пияз – 288 тоннаның 204 тоннасы (барлық дерлік көлемі) немесе 11 млн. теңгеге, сәбіз – 80 тоннаның 44 тоннасы (жартысы) немесе 2 млн. теңгеге және қырыққабат – 15 тоннаның 6 тоннасы немесе 553 мың теңгеге жарамсыз ретінде есептен шығарылған.
Сонымен қатар өткен жылы картоп пен сәбізді ӘКК-мен жалпы 39 млн.теңгеге қымбат алынғаны да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын алатын өнім берушіні таңдау мәселесіне де сұрақтар туындатады.
Бұлар өз кезегінде карантиндік мерзімде ӘКК-мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тиісінше сақтауға шаралар қабылдамағандықтан немесе жоғары бағамен алынуы олардың нарықтық бағасының жоғарылауына да себебі болғаны жоққа шығарылмайды.
Бұдан бөлек, ӘКК-да кадр мәселесі бойынша, яғни жұмысқа қабылдау барысында ашықтық қамтамасыз етілмегендігі жеткізілді.
Департамент тарапынан анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы тиісті ұсыныстар енгізілді.
Жиын нәтижесінде ӘКК-нің басшылығымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қабылданатын және алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеуге жүйелі шаралар жүргізілетіні хабарланды.

kyzylorda-news.kz
26 тамыз 2022 ж. 282 0