Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы қостанайлықтарға бір күндік жалақысын аударды

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы Қызылорда қаласында, 7 аудан мен Төретам кентінде 9 гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашып, күнделікті азаматтардан көмек қабылдауда.
Бүгінгі күнге 30 тоннадан астам заттар жинақталды. Қабылданып жатқан заттар: бұзылмайтын азық-түліктер, жылы киім- кешектер мен көрпе-төсектер, тұрмыстық техникалар мен жабдықтар, гигиеналық заттар, балалардың оқу құралдары мен канцеляриялық заттар, құрылыс материалдары.
Сыр елінің белсенді кәсіпкерлері де қаржылай көмек көрсететін болады.
Облыс атынан гуманитарлық көмектің арнайы жүк көліктері Қостанай облысына бүгін, яғни 6 қыркүйек күні жолданады деп жоспарлануда.
