Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елге жасалған шынайы қолдау

Елге жасалған шынайы қолдау

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жолғы Жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Енді Ұлттық қордың жылдық инвестиция¬лық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына аударылады Балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалатын болады. Бұл аталған жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатыны көпшіліктің ойынан шықты.
Мемлекет басшысының осы ұсынысы өте орынды болды. Жолдауда жәрдемақы мәселесі шешімін тапқан өзекті мәселе дер едім. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ата-аналар мен балаларға арналған үлкен қолдау бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту шарасы болмақ. Мұның бәрі біздің Президенттің «Жаңа Қазақстанға» бағытталған бас¬тамаларын ел әлеуетін арттыруға жасалған шынайы қолдау деп түсінген абзал.
Сонымен бірге табысты ұлт болудың маңызды шарты білімнің сапасын көтеруде екенін баса айтқан Президент оқушылардың жақсы білім алып, жан-жақты дамуы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатынын хабарлады. Аталған жоба аясында еліміздегі апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі толық шешілетінін атап өтті. «Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде» дей келе, балаларды білімге бау¬лып келе жатқан ұстаздардың беделін көтеру бағытында да оң өзгерістер жасалатыны бізге, ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

С.Махсұтқызы,
№283 орта мектеп мұғалімі

09 қыркүйек 2022 ж. 490 0