Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқын бастамалар болмақ

Жарқын бастамалар болмақ

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды мұқият тыңдаған біздер елдің алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық жағдайында оң өзгерістер болатындығына қанық болдық.
Әсіресе балалардың жәрдемақысын бір жарым жасқа дейін төлеу мен балалар жылы аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың әлеуметтік жинақ шотына аударылуы қажет. Бала кәмелетке толмайынша бұл жиналған қаражат алынбайды, – деген ел Президенті ұрпақ болашағын ойлайтын үкімет екендігін дәлелдеді.
Тағы бір жағымды жаңалық балабақша тәрбиешілеріне бағытталды. Тәрбиешілердің артық жүктемесі көптігін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы тәрбиешілерді аттестациялаудан өткізіп, жалақысын арттыру қажеттігін айтты.
Бұл жаңалық бізге үлкен қуаныш сыйлады. Өзім ұзақ жылдан бері балабақшада тәрбиеші болып қызмет істеймін. Сондықтан бала тәрбиелеу ісінің қаншалықты жауапты әрі қиын екендігін бастан өткерудемін. Мемлекет басшысының біздің жұмысымызды назарға алып, айрықша басымдық бергені көңілге қуаныш ұялатты. Жолдауда көзделген мәселенің бәрі халықтың көкейіндегі сауалдарға дөп басып жауап бергендей болды.
Айман НИЯЗОВА,
«Асылым» балабақшасының тәрбиешісі
01 қыркүйек 2022 ж. 349 0